Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті Төрағасының
2010 жылғы 26 сәуірдегі № 01-01-31/141 Бұйрығы
ҚР Әділет министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 305 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет туралы ереженің 17-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесі бекітілсін.
2. Атқарушылық іс жүргізуді ұйымдастыру департаменті мен Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық-құқықтық қатынастар басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның сот актілерін орындау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2010 жылдың 25 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Төраға | Г. Ким |
Жоғарғы Соты жанындағы
Сот әкімшілігі жөніндегі
комитет Төрағасының
2010 жылғы 26 сәуіріндегі
№ 01-01-31/141
бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жеке сот орындаушысы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 167-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.