Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 26-ө Өкімі
Осы редакция 2010 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында елді үдемелі индустриялық-инновациялық дамытуды жүзеге асыру мәселелері бойынша:
1. Мынадай:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда оған инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын үйлестіру жөніндегі функциялар жүктеле отырып, Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығы (бұдан әрі - РБО);
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі республикалық жобалау топтары (бұдан әрі - Топтар) құрылсын.
2. Облыстарды, республикалық маңызы бар қала мен астананы үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңестері үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі өңірлік басқару орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) ретінде инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын үйлестіруді жүзеге асырсын.
3. Инвестициялық жобалар:
осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Топтар;
осы өкімге 4-қосымшаға сәйкес Орталықтар арасында бөлінсін.
4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі:
Топтар мен Орталықтар қызметін үйлестіруді жүзеге асырсын;
инвестициялық жобалардың іске асырылу барысына тәуелсіз мониторинг жүргізетін ұйымды айқындасын.
5. Топтардың, Орталықтардың басшылары:
объектілер мен құрылыс алаңдарына тікелей бара отырып, кемінде айына бір рет Топтардың және Орталықтардың отырыстарын өткізсін;
ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне осы өкімге 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша есеп берсін.