«2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы»
2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 27 мамырдағы № 24/2 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010- 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 17 мамырдағы № 21/269-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2531 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: