Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 519 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 — 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2311 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген 8-бөлімде:
001 «Статистикалық қызмет саласында және салааралық үйлестіруде мемлекеттік статистиканы реттеу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолдың «2010» деген бағанында «4 167 078» деген сандар «4 341 130» деген сандармен ауыстырылсын;
007 «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу» бюджеттік бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар» деген жолдың «2010» деген бағанында «27 391» деген сандар «43 483» деген сандармен ауыстырылсын;
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың бөлінуінде»:
«2010» деген бағанда:
«1-стратегиялық бағыт. Статистикалық әдіснаманы және статистикалық құралды жетілдіру» және «1.1-мақсат. Статистикалық әдіснаманы жетілдіру» деген жолдарда «5 545 135» деген сандар «5 735 279» деген сандармен ауыстырылсын;
«1.1.3-міндет. Статистика салаларының әдіснамасын жетілдіру» деген жолда «5 526 343» деген сандар «5 716 487» деген сандармен ауыстырылсын;