Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2341 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 2341 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік)
2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1. Миссиясы мен пайымдауы
Миссиясы: Бәсекелестікті қорғау, монополистік қызметті шектеу, жосықсыз бәсекеге жол бермеу және мемлекеттік органдардың бәсекелестікті дамыту жөніндегі қызметін салааралық үйлестіру.
Пайымдауы: Адал бәсекелестікті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған бәсекелестікті қорғаудың тиімді жүйесі.
Бәсекелі орта өнімділік өсімінің жетекші факторына жатады. Бәсекелестікті күшейту елдің экономикалық өмірін жақсарта, бизнес әлемінде азаматтарға жаңа мүмкіндіктер аша және экономиканың барлық салаларында тауарлардың және қызметтердің құнын төмендете алады.