-

2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының XХІ сессиясының 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 262 шешімі

 

Осы редакция 2010 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 114053167 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 26438578 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 102503 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 87512086 мың теңге;

2) шығындар - 113998466 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 544710 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 1130009 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 585299 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 100 000 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 100 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджеттің дефициті (профициті) - алу 590009 мың теңге;

6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 590009 мың теңге:

қарыздар түсімдері - 1030009 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 440000 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 0 мың теңге.

2. 2010 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

3. 2010 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:

1) жеке табыс салығы бойынша:

Абай, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандары, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Приозерск, Теміртау қалалары - 50 пайыздан, Ұлытау ауданы - 1 пайыз, Шет ауданы - 30 пайыздан, Саран қаласы - 25 пайыздан, Сәтпаев қаласы - 20 пайыздан, Шахтинск қаласы - 15 пайыздан;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.