(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ РЕГ...

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Регламенті

(Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 1996 жылғы 8 ақпанда қабылданған)

 

Осы редакция 2005 жылғы 12 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тармақ. Парламент Мәжілісінің Регламенті Парламент Мәжілісі отырыстарын өткізу, оның органдарын құру мен олардың қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ Парламент Мәжілісі депутаттары мен лауазымды адамдарының өкілеттігін жүзеге асыру жағдайлары мен тәртібін белгілейді.

Парламент Мәжілісінің Регламенті, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Палатаның жалпы отырыстарында Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және Парламент Мәжілісінің қаулысымен ресімделеді.

2-тармақ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары ашық жүргізіледі. Осы Регламентте көзделген жағдайларда Палата жабық отырыстар өткізуге құқылы.

3-тармақ. Парламент Мәжілісі алпыс жеті депутаттан тұрады.

Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты ретінде тіркеген кезден басталады.

4-тармақ. Парламент Мәжілісінде жұмыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

ІІ БӨЛІМ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТАРЫН

ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

 

1-тарау Парламент Мәжілісінің жалпы отырыстары

 

5-тармақ. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын, егер заңда өзге мерзімдер белгіленбеген болса, Палата депутаттарына отырыс өткізілетін күнге дейін жеті күн бұрын хабардар ете отырып, Мәжіліс Төрағасы шақырады.

Мәжілістің жалпы отырыстары сәрсенбі және бейсенбі сайын сағат 12 сағаттан 12 сағат 30 минөтке дейін және 14 сағаттан 16 сағатқа дейін үзілістермен сағат 10-нан 18-ге дейін өткізіледі. 17 сағат 30 минөттен 18 сағатқа дейінгі уақыт мәжілістің ішкі қызметі мәселелерін шешуге арналады.

Мәжіліс жалпы отырыстарды өткізудің басқа да уақыты туралы шешім қабылдай алады.

Төрағалық етуші өзінің бастамасы немесе Палатаның қатысып отырған депутаттары көпшілігінің ұсынысы бойынша жалпы отырыстарда үзілістер жариялайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.