(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ШАНХАЙ КОНВЕНЦИЯСЫ 15.06.01 Ж.

Терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай
конвенциясы
(Шанхай, 2001 ж. 15 маусым)

 

Осы редакция 2003 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Келісім Қазақстан Республикасының 2002 ж. 18 сәуірдегі № 316-ІІ Заңына сәйкес бекітілді

Осы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы қара (Ташкент қ. , 2003 жыл 5 қыркүйек)

 

Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы (бұдан әрi - Тараптар),

ең алдымен Бiрiккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) жарғысындағы халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдау, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды және ынтымақтастықты дамыту мақсаттары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып;

терроршылдықтың, сепаратизмнiң және экстремизмнiң халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытуға, сонымен қатар адамның негiзгi құқықтары мен бостандығын жүзеге асыруына қауiп-қатерiн сезiне отырып;

аталған құбылыстар Тараптардың аумақтық тұтастығы мен қауiпсiздiгiне, сондай-ақ олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтарына айтарлықтай қаупiн мойындай отырып;

1998 жылғы 3 шiлдедегi Алматыдағы бiрiккен мәлiмдеменiң, 1999 жылғы 25 тамыздағы Бiшкек декларациясының, 2000 жылғы 5 шiлдедегi Душанбе декларациясының және 2001 жылғы 15 маусымдағы "Шанхай ынтымақтастық ұйымын" құру жөніндегі декларацияның принциптерiн басшылыққа ала отырып;

терроршылдықтың, сепаратизмнiң және экстремизмнiң, осы Конвенцияда анықталғандай, олардың себептерiне қарамастан, ешқандай жағдайда ақталмайтындығына, ал осындай әрекеттердiң жасалғанына айыпты адамның мiндеттi түрде заңға сәйкес жауапқа тартылатынына берiк сенiм бiлдiре отырып;

осы Конвенция шеңберiнде Тараптардың бiрiгiп күш жұмсауы терроршылдыққа, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күресудiң тиiмдi нысаны екенiне сенiм бiлдiре отырып,

төмендегiлермен келiседi:

1-бап

1. Осы Конвенция мақсаттары үшiн қолданылатын терминдер:

1) "терроршылдықты":

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.