(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 18.12.02 Ж. № 486 Қ...

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 18 желтоқсандағы № 486 қаулысы

(2010.01.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы

 ҚР ҚҚА Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгiзiледi)

 

Бағалы қағаздар рыногы қызметiнiң айқындылық дәрежесiн және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.

3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):

1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, сауда-саттық ұйымдастырушысына және бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушының мүшелерi болып табылмайтын ұйымдарға жiберсiн.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

Ұлттық Банк

«Қазақстан Республикасының бағалы

қағаздар рыногында брокерлiк және

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.