Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн
қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды
тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге
асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесiн
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29
желтоқсандағы № 1415 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ жануарлар дүниесiн тiкелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкелерiнiң тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің