Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына толықтырулар мен өзгерістерді енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 74 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 Қаулысымен күші жойылды
Ипотекалық ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Ипотекалық ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 43 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
«1. Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп» деген кесте:
1052-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1053-шотпен толықтырылсын: