(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 574 Бұйрығымен

бекітілген

Шетелдіктер мен азаматтығы

жоқ тұлғаларға қатысты жеке

табыс салығы және әлеуметтік

салық бойынша декларацияға

(210.00-нысан) қосымша

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) толтыру
ережелері
(210.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

Ереже жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеуге, ұстап қалуға (есептеуге) және аударуға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомаларын (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) қоса есептеуге арналған, осы Ережеге қосымшаға сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша салық есептілігі нысаны (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны шаруа және фермер қожалықтарына және шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, Салық кодексінің 6-бөлімі 18, 19-тарауларына, 7-бөлімі 25-тарауына, 12-бөліміне сәйкес шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері жасайды.

Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп танылған құрылымдық бөлімшелер осы Ереженің мақсаты үшін жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.