(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574

Бұйрығымен бекітілген

 

Роялти бойынша декларацияға

(500.00-нысан)

қосымша

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Роялти бойынша салық есептілігін (декларация) жасау
ережелері
(500.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және роялти бойынша салықты есептеуге арналған, осы Ережелерге сәйкес, роялти бойынша салық есептілігінің нысандарын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны есеп кезеңіде олардың өткізілген-өткізілмегеніне қарамастан, техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ, Салық кодексінің 308-бабы 2-тармағына сәйкес көзделген, жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттар негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (500.00-нысан) және төлеуге роялти есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (500.01-нысан) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымша тиісті көрсеткіштердің мәнін ашуды қажет ететін Декларациядағы жолдарды толтыру кезінде міндетті түрде жасалады.

6. Декларацияға қосымша парағындағы жолдарда көрсеткіштер саны асқан жағдайда, Декларацияға қосымшаның осындай парағы толтырылады.

7. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі.

8. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.