(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574

Бұйрығымен бекітілген

 

Автомобиль жолдарын

пайдаланушылар аударымдары

есебіне (641.00-нысан)

қосымша

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары есебін жасау
ережелері
(641.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасымен салық режимі тұрақтылығына кепілдік берілген заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттар бойынша (бұдан әрі - келісім-шарттар) жұмыс істейтін салық төлеушілермен автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары есебін жасау (бұдан әрі - Есеп) тәртібін анықтайды.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол тор көзінде « - » белгісімен көрсетіледі.

6. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде - салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

 

2. Есепті жасау (641.00-нысан)

 

8. «Төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.