(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

 2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 574 Бұйрығымен

 бекітілген

 

Аукциондардан алым бойынша

декларацияға (810.00-нысан)

қосымша

 

 

Аукциондардан алым бойынша салық есептілігін (декларацияны)жасау
ережесі
(810.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және аукциондардан алымды есептеуге арналған осы Ережелерге (бұдан әрі - Декларация) қосымшаларға сәйкес аукциондардан алым бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 464-бабына сәйкес аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация Салық кодексінің 468-бабына сәйкес жасалады және осы Декларацияның өзінен (810.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (810.01-нысан) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

10.Декларация толтыру кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электрондық тасығышта --нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.