(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 574 Бұйрығымен

бекітілген

 

Жер телімдерін пайдаланғаны

үшін ағымдағы төлемдер сомасының

есебіне (851.00-нысан) қосымша

 

 

Жер телімдерін пайдаланғаны үшін салық есептілігін (ағымдағы төлемдер сомасының есебі) жасау
ережелері
(851.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігінің нысанын (ағымдағы төлемдер сомасының есебі) (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 478-бабында айқындалған төлемақы төлеушілер жасайды.

2. Есеп осы Есептің өзінен (851.00 нысан) және жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем алу объектілері туралы ақпаратты ашу жөніндегі оған қосымшадан (851.01 нысан) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді.

4. Тиісті торкөздердің көрсеткіштері жоқ болған кезде толтырылмайды.

5. Есепке Қосымша тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Есепте жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Есепке Қосымша онда көрсетуге жататын деректер жоқ болған кезде толтырылмайды.

7. Есепке Қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, Есепке Қосымшаның осыған ұқсас парағы қоса толтырылады.

8. Осы Ережелерде келесі арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х»-көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

9. Сомалардың теріс мәні Есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақ торкөзіне «-» белгісімен белгіленеді.

10. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен- қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.