(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 574 Бұйрығымен

бекітілген

 

Жоғарғы қабаттағы көздерден су

ресурстарын пайдаланғаны үшін

төлемақы бойынша декларацияға

(860.00-нысан) қосымша

 

 

Жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау
ережесі
(860.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер
 
 
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігін (декларация) (бұдан әрі - Декларация) ағымдағы төлемдер сомасының есебін жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерді қоспағанда Салық кодексінің 485-бабында белгіленген төлемақы төлеушілер жасайды.

2. Декларация осы Декларацияның (860.00-нысан) өзінен және жоғарғы қабаттағы көздерден су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем алынатын объектілер туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшадан (860.01-нысанынан) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.