2. Әуе кемелерiнiң көрсету мақсатындағы ұшуы әуе кемесінің тұрғын үй алаптары мен адамдар жиналған жерлерге құлауын болғызбайтын қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, белгіленетін аймақтарда (аудандарда) орындалады.
3. Көрсету мақсатындағы ұшудың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік оларды ұйымдастырушыға жүктеледі.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 33-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 33-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-бап. Пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшу
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Пилотсыз әуе кемесі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында және пилотсыз әуе кемесінің пайдалану құжаттамасында белгіленген шарттар сақталып, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру, мүлікті зақымдау (бүлдіру) қатері, басқа әуе кемелері үшін қауіп барынша азайтылып пайдаланылуға тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Елді мекендердің халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен пилотсыз әуе кемесінің ұшуларын орындау үшін оны пайдаланушы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымнан осындай ұшуларды орындауға рұқсат алуға міндетті.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Ұшқышсыз әуе кемелерінің күзетілетін объектілердің үстінен ұшуы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісіледі.
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өздеріне жүктелген міндеттерді атқарған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және басқа да уәкілетті органдардың пилотсыз әуе кемелері орындайтын ұшуларды қоспағанда, әуе кеңістігінде пилотсыз әуе кемелерінің шекаралық белдеудің үстінен ұшуына тыйым салынады.
Шекаралық белдеудің үстінен уәкілетті органдардың пилотсыз ұшу аппараттарының ұшуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің рұқсатымен жүзеге асырылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Қашықтан сәйкестендіру жүйесі жоқ немесе қашықтан сәйкестендіру жүйесі жұмыс істемейтін пилотсыз авиациялық жүйелерді қолданып ұшу Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалатын жағдайларда және тәртіппен шектеледі.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Осы баптың ережелерін бұзғаны үшін пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7. Сериялы шығаруға арналған жаңа конструкциядағы (жаңа типтегі) пилотсыз авиациялық жүйенің зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәйкестік сертификаты болуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Пилотсыз авиациялық жүйенің сәйкестік сертификатын беруді Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9. Бекітілген типтік конструкциясы жоқ пилотсыз авиациялық жүйенің әрбір данасында оның конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкестігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген сәйкестік куәлігі болуға тиіс.
34-бап. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Байланыс жүйелерін, навигация мен бақылауды ұсынудан тұратын ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді азаматтық және (немесе) мемлекеттік авиация ұйымдарының радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтері жүзеге асырады.
2. Әуе кемелері ұшуының, ұшып көтерілуінің және қонуының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әуе қозғалысына қызмет көрсету немесе әуе қозғалысын басқару кезінде ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) азаматтық және эксперименттік авиация үшін Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес;
2) мемлекеттік авиация үшін мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын байланыспен және радиотехникамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларына және Байланыс құралдарын техникалық пайдалану, ұшуды және мемлекеттік авиацияның автоматтандырылған басқару жүйесін радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес айқындалады.
35-бап. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Әуе кемелерінің ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету пайдаланушыларға, әуе қозғалысына қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару органдарына және осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін басқа да пайдаланушыларға, олардың мемлекеттік тиесілігіне, ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысандарына қарамастан, шарттар негізінде сапалы метеорологиялық ақпаратты уақтылы беру болып табылады.
Өкілетті метеорологиялық органның функцияларын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Азаматтық және эксперименттік авиацияның ұшуларын метеорологиялық қамтамасыз етуді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер жүзеге асырады.
Мемлекеттік авиацияның ұшуын метеорологиялық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 35-1-баппен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 35-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-1-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарына сай болуға тиіс.
Авиациялық қызмет көрсетуді берушілердің сәйкестігі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын оның қолданылу саласы мен рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) көрсетіле отырып берумен расталады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісу бойынша сертификаттау талаптарынан уақытша ауытқуларға, егер мұндай ауытқулар белгіленген ұшу қауіпсіздігінің деңгейіне баламалы деңгейді қамтамасыз ететін қосымша шаралар енгізіліп өтелетін болса, жол беріледі.
2. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттаудан өткізу, сертификат беру не оны тоқтата тұру (кері қайтарып алу), оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу тәртібі аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беруден бас тарту өтініш беруші қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда жүргізіледі.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Сертификаттау талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым үздіксіз аэронавигациялық қызмет көрсету мақсатында мынадай тәртіппен әрекеттер қабылдайды:
1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының иесінен осы Заңның 16-3-бабына сәйкес түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуды және оны орындауды талап етеді;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) түзету іс-қимылдарының жоспары орындалмаған не тиісінше орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес шаралар қолдану үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға материалдарды береді;
3) егер әкімшілік жауаптылыққа тартылған күннен бастап кейінгі алты ай ішінде сертификаттау талаптарын бұзушылықтар жойылмаса, бұзушылықтың сипатына қарай аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын кері қайтарып алады не мұндай сертификаттың (немесе сертификатта көрсетілген рұқсат етілген қызмет түрлері (кіші түрлері) қолданылу аясын толығымен немесе ішінара тоқтата тұрады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатының қолданылуы аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларына сәйкес оның иесінің өтініші бойынша да толығымен не ішінара шектелуі мүмкін.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 35-2-баппен толықтырылды
35-2-бап. Әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелерінде өзгеріс болған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер ұшу қауіпсіздігіне байланысты әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріне өзгерістер енгізілгенге дейін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды мұндай өзгерістер туралы аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында белгіленген тәртіппен алдын ала хабардар етеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен алдын ала келісуге жататын әуе қозғалысын ұйымдастырудың функционалдық жүйелеріндегі өзгерістердің тізбесі, сондай-ақ мұндай келісудің тәртібі мен шарттары аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттау қағидаларында айқындалады.
3. Осы баптың ережелерін бұзғаны үшін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылықта болады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету
Әуе трассаларын пайдалануға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен әуе трассаларын пайдалануға рұқсат ету қағидаларына сәйкес рұқсат беріледі.
Әуе трассалары туралы мәліметтер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланады.
37-бап. Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттарына арналған өлшем бірліктері
1. Қазақстан Республикасының аумағында және әуе кеңістігінде ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсаттары үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары талабына сәйкес келетін координаттар, биіктіктер өлшемдерінің, гравиметрикалық және спутниктік өлшемдердің бірыңғай жүйесі белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қолданылатын өлшем жүйелері Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында көрсетіледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
38-бап. Әуе кемелерi ұшуының зиянды әсерiнен қорғау
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасында пайдалануға арналған азаматтық әуе кемесiн Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жергілікті жердегі шуылға қатысты талаптарына сәйкестігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатына қосымша болып табылатын шуыл жөніндегі сертификатты бере отырып, сертификаттайды.
Шуыл бойынша сертификаттау жүргізу және сертификат беру Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) иелерi, пайдаланушылар, әуе кемелерiнің командирлері мен экипаж мүшелерi әуе кемелерiн жерде және әуеде пайдаланған кезде қажетсiз шуылды болғызбауға немесе оны барынша азайтуға мiндеттi.
2. Халықтың және қоршаған ортаның қауiпсiздiгi шараларын сақтай отырып орындалатын ауыл шаруашылығында авиациялық жұмыстардың жүргiзiлуiн, мемлекеттік авиацияның жауынгерлік-оқу және жауынгерлік ұшуын немесе ұшу қауіпсіздігіне анық қауіп төну және авиациялық оқиғаны болғызбау жағдайын қоспағанда, адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін зиянды заттарды немесе басқа да қалдықтар мен материалдарды әуе кемелерiнен лақтыруға тыйым салынады.
Әуе кемелерiнiң адамдарға, жануарларға және қоршаған ортаға зиянды әсерiн болғызбау мақсатында нақты аудандарда әуе кемесін авариялық тастап шығу аймағы, барлық әуе кемелерi үшiн бірыңғай немесе әуе кемелерiнiң үлгiлерi бойынша бөлек ең төменгi ұшу биiктiгi көзделетін отынды төгу немесе оны ұшып жүріп тауысу аймағы белгіленуі мүмкін.
3. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерiнiң дыбыстан жылдам ұшуы қоршаған ортаға дыбыс екпiнiнiң зиянды әсерi тимейтiн биiктiктерде жалпы қағидалар бойынша немесе елдi мекендерден шалғай, дыбыстан жылдам ұшуға арнайы бөлiнген аудандарда орындалуға тиiс.
39-бап. Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің халықаралық ұшуы
1. Қазақстан Республикасы әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуы:
1) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының;
3) тиiстi шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары беретін біржолғы ұшуды орындауға арнайы рұқсаттардың негiзiнде және солардың шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы әуе кемесінің шет мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшуына арнайы рұқсатты алуға сұратуды сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және (немесе) эксперименттік авиациясының халықаралық ұшуы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын лауазымды адамдарды тасымалдайтын Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің халықаралық ұшуы жағдайларында шет мемлекеттерге жібереді.
Сұрату кеме құжаттарына, экипаж мүшелеріне арналған куәліктерге, сақтандыру полистерінің көшірмелеріне қатысты барлық талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен аумағында (аумағы арқылы) ұшуды орындау жоспарланып отырған шет мемлекеттердің аумағында қолданылатын басқа да талаптар мен қағидалар сақталған кезде Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының өтініштері негізінде жүргізіледі.
3. Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесiнiң шет мемлекеттің әуе кеңістігінде ұшуына тиісті шет мемлекеттердің құзыретті органдары беретін арнайы рұқсатты алуға сұратуды дербес жүзеге асырады. Шет мемлекеттің құзыретті органының сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органнан сұратуы бойынша арнайы рұқсат беруге талабы болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осындай сұратуды азаматтық әуе кемесін пайдаланушының өтініші негізінде осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде тұрақты емес халықаралық ұшуды орындау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен орындалған ұшудың күні мен мақсаты туралы хабардар етуге міндетті.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде тұрақты емес ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас офисі Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қолжетімді болуға тиіс.
5. Шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарлы мақсатта пайдаланылатын өнімдерді тасымалдау үшін азаматтық әуе кемесін пайдаланушының халықаралық ұшуына азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның келісуінсіз жол берілмейді. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз кезегінде осы ұшуды сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын органмен оның құзыреті шегінде келісуді жүзеге асырады.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды осы баптың 4-тармағына сәйкес орындалған ұшудың күні мен мақсаты туралы хабардар етпеу не хабарламада анық емес ақпарат ұсыну, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 5-тармақтарының талаптарын бұзу пайдаланушы сертификатын кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
6. Шет мемлекеттің әуе кеңістігінде халықаралық ұшуды орындаған кезде шет мемлекеттің уәкілетті органының көрсетілген әуеайлаққа мәжбүрлеп қондыру туралы талабы болған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесінің экипажы осы талапты орындауға міндетті.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
40-бап. Шет мемлекеттердің әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшуы
1. Шет мемлекеттердің әуе кемелерiнiң Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшуы:
1) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының;
3) Қазақстан Республикасының әуеайлақтарына қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға арналған рұқсаттардың;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарына алдын ала хабарлама беру шартымен, қонбай орындалатын ұшуларды қоспағанда, халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуды орындауға арналған рұқсаттардың;
5) біржолғы ұшуды орындауға берілетін арнайы (дипломатиялық) рұқсаттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының әуеайлақтарында қонбай не қона отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы коммерциялық емес мақсаттарда халықаралық тұрақты ұшуды орындауға рұқсаттарды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган береді.
3. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) мемлекеттік және эксперименттік әуе кемелерінің;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тізбе бойынша шет мемлекеттердің лауазымды адамдарын тасымалдайтын азаматтық әуе кемелерінің;
3) шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарақтары мен әскери техникасын, сондай-ақ қос мақсатта пайдаланылатын өнімдерін тасымалдау үшін әуе кемелерінің біржолғы ұшуын орындауға арналған арнайы (дипломатиялық) рұқсаттарды Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес береді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Осы баптың 3-тармағының ережелерін ескере отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуын орындауға арналған рұқсаттарды береді.
Азаматтық әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуын орындауға арналған рұқсаттарды беру және қонбай орындалатын ұшуларды орындау туралы алдын ала хабарламалар беру тәртібі Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар берудің және рұқсаттар беруден бас тартуға негіздердің қағидаларында белгіленеді.
4-1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсаттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерімен Қазақстан Республикасының аумағында қалыптастырылатын коммерциялық әуе тасымалына байланысты тұрақты емес (бір реттік) халықаралық ұшуды орындауға жол берілмейді.
5. Әуе кемелерінің халықаралық тұрақты емес (біржолғы) ұшуын орындауға арналған рұқсаттарды, сондай-ақ арнайы (дипломатиялық) рұқсаттарды беруден бас тарту үшін мына жағдайлар:
1) мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның осы Заңның 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін немесе әуе кемесінің ұшу маршруты өтетін оның жекелеген аумақтарын пайдалануға тыйым салуы;
2) әуе кемесі ұшуының Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерін бұзуы;
3) жоспарланып отырған ұшудың Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын бұзуы негіз болып табылады.
41-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде халықаралық ұшуды орындау
1. Ұлттық әуе кемелері мен шет мемлекеттердің әуе кемелерi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде халықаралық ұшуды орындаған кезде осы Заңға сәйкес ұшудың орындалуын және әуе кемелерiн пайдалануды реттейтiн жалпы ережелер қолданылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде халықаралық ұшу, әуе қозғалысына қызмет көрсету органы әуе трассасынан тыс ұшуды орындауға рұқсат берген кездегі жағдайларды қоспағанда, халықаралық әуе трассалары бойымен жүзеге асырылады.
Әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін әуе трассаларын ашу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.
Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді әуе кемелері оны халықаралық трассалар қиылысатын жерлерде немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшiн арнайы бөлiнген әуе дәлiздерi арқылы орындайды.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша ішкі әуе трассалары, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауға жол беріледі.