2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде халықаралық ұшу, әуе қозғалысына қызмет көрсету органы әуе трассасынан тыс ұшуды орындауға рұқсат берген кездегі жағдайларды қоспағанда, халықаралық әуе трассалары бойымен жүзеге асырылады.
Әуе кемелерінің халықаралық ұшуы үшін әуе трассаларын ашу тәртібі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында айқындалады.
Әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуді әуе кемелері оны халықаралық трассалар қиылысатын жерлерде немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен осы мақсаттар үшiн арнайы бөлiнген әуе дәлiздерi арқылы орындайды.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша ішкі әуе трассалары, ұшу маршруттары бойынша және әуе трассаларынан тыс халықаралық ұшуды орындауға жол беріледі.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінен ауытқуға:
1) дүлей зілзала, әуе кемесінде апат, авария, авариялық жағдай болғанда және адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төндiретiн басқа да жағдайларда;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларында айқындалған тәртiппен берiлетiн рұқсатты алған жағдайларда жол беріледі.
5. Халықаралық ұшудың мақсаттары үшін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарына сәйкес келетін геодезиялық есептеу жүйесі көлденең жазықтықта геодезиялық есептеу жүйесі ретінде пайдаланылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағынан әуе кемелерінің ұшып шығуы, сондай-ақ олардың ұшып көтерілгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағына қонуы халықаралық ұшуға арналған ашық әуеайлақтарда жүргізіледі.
7. Қазақстан Республикасының аумағына келетін және оның аумағынан кететін немесе транзитпен өтетін барлық әуе кемелеріне, олардың экипаждары мен жолаушыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін немесе осы аумақтан әкететін олардың мүлкіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген паспорттық, кедендік, валюталық, санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормалар қолданылады.
8. Шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерінің бортындағы авиация персоналының куәлігі, кеме құжаттары, егер олар Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келсе, Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылады. Әуе кемесін жалға алған, жалдаған (чартер) немесе оны алмасқан жағдайда шет мемлекеттер арасындағы келісім бойынша берілген шет мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерінің бортындағы авиация персоналының куәлігі, кеме құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылады.
9. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 42-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42-бап. Әуе кемелерiнiң және пилотсыз авиациялық жүйелердің сыныптамасы
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Әуе кемелері, оның ішінде пилотсыз авиациялық жүйелер авиацияға тиесiлігiне қарай:
мемлекеттік;
азаматтық;
эксперименттiк болып бөлiнедi.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік авиацияда пайдаланылатын және мемлекеттік авиация әуе кемелерінің тізілімінде тіркелген әуе кемесі, оның ішінде пилотсыз авиациялық жүйенің бөлігі болып саналатын пилотсыз әуе кемесі мемлекеттік әуе кемесі болып табылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Азаматтық авиацияда пайдаланылатын және Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесі, оның ішінде ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйесінің бөлігі болып саналатын, ұшырылуы қашықтан басқарылатын әуе кемесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерінің тізілімінде есепте тұрған, азаматтық пилотсыз авиациялық жүйенің бөлігі болатын пилотсыз әуе кемелері азаматтық әуе кемесі болып табылады.
Азаматтық әуе кемелерінің сыныптамасы әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамаларына және деректеріне қарай Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларында айқындалады.
Пилотсыз авиациялық жүйелердің сыныптамасы пилотсыз әуе кемесінің ұшу-техникалық сипаттамалары мен деректеріне қарай Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалады.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Авиациялық техниканы әзірлеу мен дайындау мақсатында тәжірибелік-конструкторлық, эксперименттік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және сынақтар өткізуге арналған әуе кемесі эксперименттiк әуе кемесі болып табылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 43-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43-бап. Типті сертификаттау
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Сериялы шығаруға арналған жаңа конструкциядағы (жаңа типтегі) азаматтық әуе кемесiнің, қозғалтқыштың және әуе винтінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген ұшуға жарамдылығының нормаларына сәйкестiгiн азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттауға тиіс және олар зауыттық, мемлекеттік және пайдалану сынақтарынан өткеннен кейiн олардың азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген үлгi сертификаты болуға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің типін сертификаттау Сертификаттау және тип сертификатын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық әуе кемесін, ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйесін әзірлеуші ұйым тип сертификатының иесі болып саналады.
Азаматтық әуе кемесі, ұшуды қашықтан басқару пункті типінің конструкциясы үшін тип сертификатына иелік ететін ұйым жауапты болады.
Әуе кемесін, ұшуды қашықтан басқару пунктін, қозғалтқышты немесе әуе винтін түпкілікті құрастыру үшін дайындаушы ұйым жауапты болады.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Авиациялық техниканы әзірлеу мен дайындау жөніндегі ұйымдарды сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиациялық техниканы әзірлеуші және дайындаушы ұйымдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің, ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйесінің бекітілген типтік конструкциясының немесе ұшуды орындауға жарамдылыққа әсер ететін олардың пайдалану-техникалық құжаттамасының барлық өзгерістері тип сертификатына қосымшаны алу үшін немесе сертификаттау және тип сертификатын беру қағидаларында айқындалатын жағдайларда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қосымша сертификаттауына, модификацияны немесе жөндеуді бекітуді алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның конструкцияның өзгерістерін бағалауына жатады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін кемшіліктер анықталған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген тип сертификатының қолданылуы Сертификаттау және тип сертификатын беру қағидаларында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрады, ал әуе кемесін, ұшырылуы қашықтан басқарылатын авиация жүйесін пайдалану уақытша тоқтатылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Әуе кемелерін және ұшуды қашықтан басқару пунктін сертификаттауды жүзеге асыратын әзірлеуші шет мемлекеттің авиациялық билігі берген тип сертификатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Сертификаттау және тип сертификатын беру қағидаларында белгіленген тәртіппен таниды.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 44-бап өзгертілді
44-бап. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Бекітілген типтік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің әрбір данасы сертификатталуға және оның конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген куәлігі болуға тиіс.
Конструкциясының, сипаттамаларының және пайдалану-техникалық құжаттамасының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігіне куәлік берілген әуе кемесі коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға жіберілмейді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес жүргізеді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 45-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 45-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 45-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45-бап. Әуе кемелерін, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, пилотсыз авиациялық жүйелерді тіркеу және есепке алу
1. Мемлекеттік әуе кемелерi Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының әуе кемелерінің тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік әуе кемесінің меншік иесіне әуе кемесінің Мемлекеттік авиацияның әуе кемелерінің тізілімінде мемлекеттік тіркелгені туралы хабарлама береді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады.
Азаматтық әуе кемесі оның иесінің өтініші бойынша немесе иесінің, оны пайдаланушының келісімімен, егер:
1) әуе кемесі басқа мемлекетте тіркелмеген;
2) әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы болып табылған;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) сот шешімі бойынша тәркіленген және (немесе) өндіріп алынған әуе кемесін қоспағанда, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізілген тұлға әуе кемесінің меншік иесі немесе пайдаланушысы болып табылмаған;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді
3) тип сертификатын немесе соған ұқсас басқа құжатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген немесе жарамды деп таныған;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылды
4) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдаланудың күнтізбелік мерзімі (әуе кемесі шығарылған күннен бастап тіркелген күнге дейін есептелетін мерзім) жиырма бес жылдан аспайтын;
5) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемесінің ұшу циклдерінің саны бойынша және сағат бойынша есептелетін ресурсы белгіленген зауыт ресурсының (дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның ресми растауымен) үштен екі бөлігінен аспайтын;
6) жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен тұрған жері туралы деректерді жер үсті және спутниктік арналар арқылы беруді қамтамасыз ететін жабдық болған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тіркелген азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға (оның иесіне) азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін әуе кемесі ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ өзгертілді
2-1. Егер әуе кемесі ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келмесе, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық әуе кемесін тіркеуден бас тартады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2-2. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген кезден бастап азаматтық әуе кемесі Қазақстан Республикасының ұлттық тиесілігін иеленеді.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік әуе кемесінің бортында болады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының меншiгiндегi азаматтық әуе кемелеріне құқықтар, сондай-ақ қайтарылмайтын өкілеттіктер азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде тіркеуіне жатады.
4. 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Авиациялық техниканы әзірлеуші және дайындаушы ұйымдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес эксперименттік әуе кемелері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның есебінде тұрады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда; 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Пилотсыз авиациялық жүйелер пайдалану мақсатында меншік құқықтарын иемденген кезден бастап, сондай-ақ шетелдік азаматтар жеке мақсаттарда пайдалану үшін Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелетін азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелер Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органда есепке алуға немесе тіркелуге жатады.
Есепке алуға немесе тіркелуге жататын азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелердің санаттары Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Мемлекеттік авиацияның есепке алынуға немесе тіркелуге тиіс пилотсыз авиациялық жүйелерінің санаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Азаматтық пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану мақсатында иемденетін тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға есепке қою немесе тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық әуе кемелері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелері тізілімінде тіркелген немесе есепте тұрған пилотсыз авиациялық жүйелер туралы мәліметтер мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға беріледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1) әуе кемесi есептен шығарылған немесе пайдаланудан алып тасталған;
2) әуе кемесi шет мемлекетке, шетелдiк жеке немесе заңды тұлғаға сатылған немесе берiлген;
3) азаматтық әуе кемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің тізілімінде немесе шет мемлекеттердің тізілімінде тіркелген;
4) мемлекеттік әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) мүлікке ауыртпалық салу болған жағдайлардан басқа кезде пайдаланудың күнтізбелік мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, екі жылдан астам ұшу жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;
5) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен деп танылған;
6) қайтарылмайтын өкілеттікті атқарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тиісті тізілімінен шығарылады.
Кепілде тұрған әуе кемесін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару үшін кепіл ұстаушының келісімі болуы міндетті.
2. Әуе кемесi тиiстi тiзiлiмнен шығарылған кезде кеменің тiркелгені туралы куәлiктiң және осы кемеге қатысты жасалған барлық жазбалардың күшi жойылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуе кемесінің меншік иесіне әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылғаны туралы куәлік береді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 47-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-бап. Әуе кемелерін, пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
1. Мемлекеттік әуе кемесiн мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға рұқсат етіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық әуе кемесі ұшуды орындау үшін жарамды болуға тиіс және нақты ұшуға жарамдылық сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.
Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшқан кезде шетелдік әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаты мен шуыл бойынша сертификаты болуға тиіс.
Ұшуға жарамдылық сертификаты Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне:
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) азаматтық әуе кемесінің тиісті ұшуға жарамдылық нормаларында көзделген конструкциялауға қойылатын талаптарға сәйкестігі негізінде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес;
3) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес беріледі.
Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Тиісті санаттар үшін пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Жалпы мақсаттағы авиация мақсатында авиациялық жұмыстар мен ұшуларды орындайтын жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Бекітілген типтік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарту тәртібі және мұндай ұйымдардың мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында айқындалады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Пилотсыз авиациялық жүйе ұшуды орындау үшін жарамды болуға тиіс және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес пайдалануға жіберіледі.