4. Әуеайлақтың бақылау нүктесінен он үш километр жақын қашықтықта құстардың топталып жиналуына алып келетін және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қалдықтарды тастайтын орындарды орналастыруға тыйым салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндiретiн қызметтi жүзеге асыру ережелерiнің бұзылуына жол берген жеке және заңды тұлғалар осы бұзушылықтарды өз есебiнен және өз күштерiмен жоюға, ал оларды жойғанға дейiн ондай қызметтiң жүзеге асырылуын тоқтатуға мiндеттi.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруі ықтимал қызмет атқарылып жатқан ауданға олардың абайсызда ұшып кіру жағдайларын болғызбау үшін, осындай қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларына сәйкес мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға аталған қызмет туралы хабар беруге мiндеттi.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Осындай қызметтiң жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым өз құзыреті және жауапкершілік аймағы шегінде орындайды.
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Әуежайлар аумағы шегінде жөндеу, құрылыс және монтаждау жұмыстарының барлық түрін жүргізуді ұлттық қауіпсіздік органдары немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзет іс-шараларын жүргізу кезеңінде тоқтата тұруы мүмкін.
91-бап. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн объектiлердi таңбалау
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ғимараттар мен құрылыстардың иелерi ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларына, азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес осы объектiлерге түнде және күндiз көрiнетiн таңбалық белгiлер мен құрылғыларды өз есебiнен орнатуға мiндеттi.
Әуеайлақтарды айырып-тану үшін қабылданған таңбалық белгiлер мен құрылғыларға ұқсайтын қандай да бір белгiлер мен құрылғыларды әуеайлақ ауданында орнатуға жол берiлмейдi.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Әуеайлақ ауданындағы объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылау өз құзыреті және жауапкершілік аймағы шегінде мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға жүктеледi.
12-тарау. АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ИНЦИДЕНТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 92-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
92-бап. Авиациялық жағдайлар, оқиғалар мен оқыс оқиғалар
1. Әуе кемесін ұшуға пайдаланумен байланысты әуе кемесінің бортындағы адамдардың мерт болуына (дене жарақатын алып, соңынан қайтыс болуына) және (немесе) осы әуе кемесінің жойылып кетуіне әкеп соқтырған оқиға мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиға деп танылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Азаматтық әуе кемесін ұшу мақсатында пайдаланумен байланысты, пилот басқаратын әуе кемесі жағдайында қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған немесе пилотсыз әуе кемесінде әуе кемесі ұшу мақсатында қозғалуға дайын болған кезден бастап ұшуды аяқтап тоқтағанға және негізгі күш қондырғысын ажыратқанға дейін орын алған және оның барысында:
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) дене жарақатын табиғи себептер салдарынан алған, өзін-өзі жарақаттаған не басқа адамдар жарақаттаған немесе әдетте жолаушылар мен экипаж мүшелерінің кіруіне болатын аймақтан тыс жерде жасырынып қалған билетсіз жолаушыларға дене жарақаты салынған жағдайларды қоспағанда, қандай да бір адамның осы әуе кемесінде болуы, осы әуе кемесінен бөлініп түскен бөлігін қоса алғанда, әуе кемесінің қандай да бір бөлігімен тікелей жанасуы, реактивтік қозғалтқыш газдары ағысының тікелей әсері салдарынан дене жарақатын алып, соңынан қайтыс болған немесе денсаулығына ауыр зиян, сондай-ақ денсаулығына ауырлығы орташа зиян келген;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) мыналарды:
бір ғана қозғалтқыш, оның капоттары немесе оның қосалқы агрегаттары бүлінген кездегі қозғалтқыштың істен шыққан немесе зақымданған;
тек қана әуе бұрандалары, күш түсетін бұрандалардың қалақтары, соңғы жағындағы бұранданың қалақтары, планердің күш түспейтін элементтері, ағыстатқыштар, қанатының ұштары, антенналар, датчиктер, қалақтар, пневматикалар, тежегіш құрылғылар, алдыңғы әйнектері, доңғалақтары зақымданған немесе шассилері, шассилердің ашылатын панельдері болымсыз зақымданған не қаптамада аздаған майысқан жерлер немесе ойықтар болған, оның ішінде бұршақтың немесе құстармен соқтығысудың салдарынан (радиолакатор антеннасының ағыстатқышындағы ойықтарды қоса алғанда) аздаған зақымданған жағдайларын қоспағанда, әуе кемесі зақымданған немесе оның конструкциялары сынған, соның салдарынан әуе кемесі конструкциясының беріктігі бұзылатын, әуе кемесінің техникалық немесе ұшу сипаттамалары нашарлайтын, ірі жөндеу немесе зақымданған элементті ауыстыру қажет болатын;
3) әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен немесе оған бару мүлдем мүмкін болмайтын жерде болған авиациялық оқиға азаматтық (эксперименттік) авиациядағы оқиға деп танылады.
3. Мемлекеттік авиациядағы авиациялық инцидент деп әуе кемесін ұшуға пайдаланумен байланысты, әуе кемесінің тұтастығына және (немесе) оның бортындағы адамдардың өміріне қатер туғызуы мүмкін немесе қатер туғызған, бірақ авиациялық оқиғамен аяқталмаған оқиға танылады.
4. Азаматтық (эксперименттік) авиациядағы авиациялық инцидент деп азаматтық әуе кемесін пайдаланумен байланысты, қандай да бір адам ұшу ниетімен бортқа кірген кезден бастап ұшу мақсатында бортта болған барлық адамдар әуе кемесін тастап шыққан кезге дейін орын алған және әуе кемесінің, экипаждың, ұшуды басқару және қамтамасыз ету қызметтерінің қалыпты жұмыс істеуден ауытқуына байланысты, ұшу қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін сыртқы ортаның әсеріне байланысты болған, бірақ авиациялық оқиғамен аяқталмаған оқиға танылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төнген, зақымдануы немесе жоғалуы және (немесе) осы әуе кемесінде болған адамдардың қаза болуы орын алған әуе кемесін ұшуға пайдаланумен байланысты жағдай мемлекеттік авиациядағы авиациялық жағдай деп танылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Азаматтық авиациядағы авиациялық жағдай деп ұшу қауіпсіздігін бұзуға байланысты қатер төндіретін немесе егер мұндай жағдай түзетілмесе немесе жойылмаса, әуе кемесінің, оның бортындағы адамдардың немесе басқа да адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға, сондай-ақ кез келген басқа жағдай танылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 92-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
92-1-бап. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесі
1. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық жағдайларды болғызбау үшін ұшу қауіпсіздігінің деңгейін арттыру авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсынудың мақсаты болып табылады.
2. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін ендіру әділ мәдениет қағидатына негізделуге тиіс.
3. Авиация персоналы және пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдарының өзге де жұмыскерлері ұшу қауіпсіздігіне елеулі тәуекел туғызуы мүмкін және авиациялық жағдайлар туралы хабарлау авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық жағдайлардың санаттарына жататын авиациялық жағдайлар туралы құлақтандыруға міндетті.
Деректерін ұсыну авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті түрде ұсыну жүйесі арқылы жүзеге асырылатын авиациялық жағдайлардың санаттары, сондай-ақ осы санаттағы авиациялық жағдайлар туралы деректерді ұсынатын тұлғалардың тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленеді.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тізбеде көзделмеген авиация персоналы және пайдаланушылар мен азаматтық авиация ұйымдарының өзге де жұмыскерлері құлақтандыруға міндетті санатқа жатпайтын авиациялық жағдайлар туралы, егер олар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ақпаратқа жататын болса, сондай-ақ егер мұндай ақпарат ұшу қауіпсіздігіне нақты немесе ықтимал қатер төндіретіндей қабылданатын болса, авиациялық жағдайлар туралы деректерді ерікті түрде ұсыну жүйесі арқылы хабарлайды.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Авиациялық жағдай туралы ұсынылған деректерді алғаннан кейін пайдаланушы жəне (немесе) азаматтық және эксперименттік авиация ұйымы авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымға, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы баптың 3 және 4-тармақтарына сәйкес жиналған жағдайлардың анық-қанығын:
1) авиациялық оқиғалар үшін - жиырма төрт сағаттан кешіктірмейтін;
2) басқа авиациялық жағдайлар үшін жетпіс екі сағаттан кешіктірмейтін мерзімде хабарлайды.
6. Сапаны қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын деректерде барынша аз ақпарат қамтылуға тиіс, оған қойылатын талаптар авиациялық жағдайдың санатына қарай өзгеруі мүмкін және азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес белгіленеді.
7. Авиациялық жағдайлар туралы деректерді ұсыну жүйесіне қойылатын жекелеген талаптар және деректерді ұсыну тәртібі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында және әуежайларда әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың, қызметі көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында әуе кемелерінің ұшуын орындаумен байланысты азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарының ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулықтарда белгіленеді.
8. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары ішкі қағидаларды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты қабылдау арқылы авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін ендіреді және қолдап отырады.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиациялық жағдайлар туралы ақпаратты цифрлық дерекқорларда сақтауға тиіс, олар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық жағдайлар дерекқорымен үйлесімді болуға тиіс.
10. Сертификатталған ең жоғары массасы екі мың екі жүз елу килограмнан асатын әуе кемелерімен және (немесе) турбореактивті қозғалтқышы бар ұшақтармен болған авиациялық оқиғалар туралы ақпараттық есептер Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) жіберіледі.
11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен бірлесіп, осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарына сәйкес алынған деректерді тәуелсіз жинау, бағалау, өңдеу, талдау және сақтау үшін тетік құрады. Ұсынылған деректерді өңдеу ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен арттырудан басқа, ақпаратты өзге мақсаттарда пайдалануды болғызбау ниетімен жүзеге асырылуға тиіс және әділ мәдениетті іске асыру мақсатында хабарлаушы адамның және авиациялық жағдайлар туралы есептерде аталған адамдардың жеке басының құпиялылығын тиісті түрде қамтамасыз етуге тиіс.
12. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық жағдайлардың санаттары азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 92-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
92-2-бап. Авиациялық жағдайлар туралы ақпараттың құпиялылығы, оны тиісінше пайдалану және ақпарат көзін қорғау
1. Азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық жағдайлар туралы деректер тиісті түрде қорғалуға тиіс және оларды жинау олардың құпиялылығына кепілдік беру, авиациялық жағдайлар туралы есептерде көрсетілген адамдардың дербес деректерін қорғау және авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиациядағы өзге де жұмыскерлердің авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесінің беріктігіне сенімділігін қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етілуге тиіс.
2. Авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының өзге де жұмыскерлері өздері берген ақпарат негізінде жұмыс берушісі тарапынан тәртіптік жазаға және (немесе) материалдық жауаптылыққа тартылмауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары мынадай жағдайлардың бірі:
1) әдейі жасалған теріс қылық;
2) шынайы тәуекелді айқын елемеу және адамның өмірі мен денсаулығына болжауға болатын зиян келтіруге, мүлікке нұқсан келтіруге алып келген немесе ұшу қауіпсіздігінің деңгейін елеулі түрде төмендеткен лауазымдық міндеттерді сақтамау орын алған кезде қолданылмайды.
3. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиациялық жағдайлар туралы ақпаратты:
1) авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын адамдарға кінәні немесе жауаптылықты жүктеу;
2) ұшу қауіпсіздігін қолдаудан немесе арттырудан басқа кез келген өзге де мақсаттар үшін бермеуге немесе пайдаланбауға тиіс.
4. Авиациялық жағдай туралы есепте аталатын және дәл сол жағдайлар туралы өзіне белгілі болған кезден бастап хабарлауға міндетті болған, жұмыс берушінің ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде қасақана хабарламаған азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскері жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
5. Егер тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қозғалған болса, авиациялық жағдайлар туралы есептерде қамтылған ақпарат авиациялық жағдайлар туралы құлақтандырған азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскеріне немесе авиациялық жағдайлар туралы есепте аталған адамға қарсы пайдаланылмайды.
6. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары жұмыскерлермен консультациядан кейін әділ мәдениетті іске асыру тәртібін белгілейтін ішкі қағидаларды қабылдайды. Әділ мәдениетті іске асыру осы Заңның 92-1 және 92-3-баптарының және осы баптың ережелеріне, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
7. Авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының жұмыскерлері туралы ақпаратқа, олардың дербес деректеріне авиациялық жағдайлар туралы есептерді жинауға, бағалауға, өңдеуге, талдауға және сақтауға тікелей тартылған пайдаланушының және азаматтық және эксперименттік авиация ұйымының жұмыскерлері ғана қол жеткізе алады.
8. Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру талаптарына сәйкес талап етілетін жағдайларды қоспағанда, авиациялық жағдайлар туралы хабарлайтын немесе есептерде аталатын адамдардың дербес деректері жария етілмейді, дерекқорларға енгізілмейді және қолжетімділігі шектеулі ақпарат болып табылады.
9. Авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласының өзге де жұмыскерлері осы бап ережелерінің бұзылуы туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға хабарлауға құқылы және бұл үшін жұмыс беруші оларды жауаптылыққа тартпауға тиіс.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 92-3-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
92-3-бап. Авиациялық жағдайларды талдау және тиісті (түзетуші) шараларды қабылдау
1. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары анықталған авиациялық жағдайларға байланысты ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді анықтау мақсатында авиациялық жағдайларды талдау процесін әзірлейді.
2. Талдау нәтижелері бойынша пайдаланушы мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымы ұшу қауіпсіздігі саласындағы нақты немесе ықтимал кемшіліктерді жою үшін қажетті кез келген тиісті түзету немесе алдын алу іс-қимылдарын:
1) осы іс-қимылдарды уақтылы орындай отырып;
2) іс-қимылдардың іске асырылуы мен тиімділігін мониторингтеу процесін белгілей отырып айқындайды.
3. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары авиация персоналы мен азаматтық және эксперименттік авиация саласындағы өзге де жұмыскерлерге авиациялық жағдайлар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесі шеңберінде талдау нәтижелері бойынша қолданылған шаралар туралы ақпаратты ұдайы беруге тиіс.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары өз талдауларының алдын ала нәтижелерін авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi уəкiлеттi ұйымға, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жіберуге, сондай-ақ түпкі нәтижелерді, егер бұл нәтижелер ұшу қауіпсіздігі үшін нақты немесе ықтимал тәуекелді сәйкестендірсе, жіберуге тиіс.
5. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым пайдаланушылар мен азаматтық және эксперименттік авиация ұйымдары ұшу қауіпсіздігі саласындағы нақты немесе ықтимал кемшіліктерді жою үшін қажетті түзету немесе алдын алу іс-қимылдарын талдау және орындау бойынша жүргізетін жұмыстарға мониторингті жүзеге асырады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 93-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
93-бап. Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру
1. Қазақстан Республикасының әуе кемесімен не шет мемлекеттің әуе кемесімен Қазақстан Республикасының аумағында болған авиациялық оқиға немесе инцидент міндетті түрде тексерілуге жатады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Болашақта авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің бірден-бір мақсаты болып табылады.
Кімнің болсын кінəсін немесе жауапкершілігін анықтау бұл қызметтің мақсаты болып табылмайды.
Азаматтық жəне эксперименттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну жəне оларды тергеп-тексеру қағидаларына сəйкес авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның ұсынуы бойынша азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган құратын авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Тізбесі азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген оқыс оқиғалардың жекелеген түрлерін ұшу қауіпсіздігін басқару жүйелері шеңберінде пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) дербес тергеп-тексереді. Мұндай тергеп-тексерулер авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның шешімі бойынша азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі. Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін пайдаланушылар (азаматтық авиация ұйымдары) түпкілікті есепті авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға береді.
Мемлекеттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді комиссия мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес жүргізеді.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен азаматтық және эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
Тергеп-тексеру жөніндегі уəкіл авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сəйкес міндетті түрде тергеп-тексеру жөніндегі белгіленген рəсімдерді қолдана отырып жүзеге асырады.
Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияның өкiлеттiгi, сондай-ақ мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға тергеп-тексеру жүргізу тәртібі мемлекеттік авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекіткен Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларында айқындалады.
Тергеуді ұйымдастыру кезінде авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссияның қызметіне, Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың тарапынан араласуға жол берілмейді.
Авиациялық оқиғаны немесе инцидентті тексеру жөніндегі комиссия авиациялық оқиғаға немесе инцидентке қатысты оқиға болған жерлерді, объектілерді және сынықтарды тексеруге, жұмыстарға сарапшыларды тартуға, көрген адамдардан сұрауға, авиациялық оқиғаның немесе инциденттің және (немесе) ілеспе факторлардың себептерін анықтап белгілеу үшін қажетті зерттеулер мен сынақтар жүргізуді тағайындауға, осындай авиациялық оқиғаларды немесе инциденттерді болдырмау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар беруге құқылы.
Азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның қызметшілерінің қатарынан бекітіледі.
Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жүргізілетін тергеп-тексеру кезінде объективтілік пен бейтараптық қағидаттарын басшылыққа алуға тиіс. Тергеп-тексерудің тәуелсіз болуы мақсатында авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүдделер қақтығысын болғызбауды ескере отырып қалыптастырылады.