2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 66-8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
66-8) сараптамалық медициналық қорытынды - авиациялық медициналық инспектор даулы жағдайлар бойынша, қажет болған кезде авиация саласындағы басқа да мамандарды тарта отырып берген құжат;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 66-9) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
66-9) сертификатталған әуеайлақ (тікұшақ айлағы) - пайдаланушысына әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты берілген әуеайлақ (тікұшақ айлағы);
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 67) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67) тергеп-тексеру - авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны болғызбау мақсатында жүргізілетін, оның себептерін және (немесе) ілеспе факторларды анықтауды қоса алғанда, ақпаратты жинауды және талдауды, қорытындылар әзірлеуді және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтитын процесс;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 67-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 67-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
67-1) тергеп-тексеру жөніндегі рəсімдер - авиациялық оқиғаларды жəне оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану мақсатында авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның тергеп-тексеру жөніндегі уəкілдеріне арналған процестер мен рəсімдердің сипаттамасын қамтитын құжат;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 67-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 67-2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
67-2) техникалық қызмет көрсету - бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, бөлек те, біріктіріп те орындалатын тексеруді, ауыстыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің, қозғалтқыштың, әуе бұрандасының немесе компонентінің ұшуға жарамдылығын ұстап тұру үшін қажетті, әуе кемесінде, ұшуды қашықтан басқару пунктінде, қозғалтқышта, әуе бұрандасында немесе компонентіне жұмыстар жүргізу, сондай-ақ модификациялауды немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 67-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
67-3) тип сертификаты - әуе кемесі типінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың немесе әуе бұрандасының конструкциясын айқындау және осы конструкцияның шет мемлекеттің ұшуға жарамдылық нормаларына сай екенін растау үшін әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе әзірлеуші шет мемлекеттің авиациялық билігі берген құжат;
68) тұрақты емес рейс (ұшу) - тұрақты рейс (ұшу) болып табылмайтын және әуе тасымалы мақсатында немесе онсыз белгілі бір тапсырыс беруші үшін орындалатын рейс (ұшу);
68-1) тұрақты қадағалау - халыққа қауіпсіз авиациялық қызметтерді ұсыну мақсаттарында сертификаттаудан өткен жеке және заңды тұлғалардың белгіленген талаптарды сақтауын мемлекеттік қадағалау түрі;
69) тұрақты рейс - авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;
70) тыйым салынған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің арнайы рұқсатсыз ұшуды орындауына тыйым салынады;
71) тікұшақ - ауадан ауыр, ұшу кезінде негізінен шамамен тік қалыпта болатын осьтердің айналасындағы күш қондырғысы арқылы айналатын бір немесе бірнеше тірек бұрандамен ауа реакциясының есебінен қалықтайтын әуе кемесі;
72) тікұшақ айлағы - әуеайлақ немесе құрылыстың үстіңгі бетінің тікұшақтардың келуіне, жөнелтілуіне немесе осы үстіңгі беті арқылы қозғалуына толықтай немесе ішінара арналған белгілі бір учаскесі;
2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 72-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 72-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
72-1) тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператор - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, материалдық-техникалық ресурстары, әуе кемелері және білікті мамандары бар, азаматтық авиация субъектісі болып табылатын заңды тұлға;
73) уақытша әуеайлақ - жылдың белгілі бір кезеңінде әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған, белгіленген тәртіппен есепке алуға жататын стационарлық құрылыстары мен жабдықтары жоқ әуеайлақ;
74) ұшақ - ауадан ауыр, ұшу кезіндегі көтеру күші негізінен осы ұшу жағдайларында қозғалмаған күйінде қалатын үстіңгі беттердегі аэродинамикалық реакциялар есебінен қалыптасатын күш қондырғысы арқылы қозғалысқа келтірілетін әуе кемесі;
75) 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 76) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
76) ұшуға жарамдылық жөніндегі директива - жай-күйі қауіпсіз болып саналмайтын не осындай жай-күй нақ сол типтік конструкцияның басқа бұйымдарында орын алуы немесе дамуы мүмкін авиациялық бұйымдарды айқындайтын және көрсетілген бұйымдарды одан әрі пайдалануға рұқсат етілетін, орындау үшін міндетті түзету іс-қимылдары, талаптар немесе шектеулер ұйғарылатын құжат;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 76-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 76-1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
76-1) ұшуға жарамдылық нормалары - әуе кемелерінің, ұшуды қашықтан басқару пункттерінің, қозғалтқыштардың немесе әуе бұрандаларының қаралатын сыныбы үшін Қазақстан Республикасында белгіленген, қабылданған немесе танылған нормалар;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 76-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 76-2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
76-2) ұшуға жарамдылықты ұстап тұру - әуе кемесінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың, әуе бұрандасының немесе компонентінің ұшуға жарамдылыққа қойылатын қолданыстағы талаптарға сәйкестігін және олардың қызмет ету мерзімі ішінде қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келетін жай-күйде ұсталуын қамтамасыз ететін процестер жиынтығы;
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 76-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
76-3) ұшуға шектеу қойылған аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының үстіндегі белгіленген мөлшердегі әуе кеңістігі, оның шегінде әуе кемелерінің ұшуына белгілі бір шарттармен шектеу қойылады;
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 76-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
76-4) ұшуды орындауға жарамдылық - әуе кемесінің, ұшуды қашықтан басқару пунктінің, қозғалтқыштың, әуе бұрандасының немесе компонентінің олардың бекітілген конструкциясына және оларды қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келетін жай-күйі;
77) ұшу жоспары - әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына пилот, экипаж немесе пайдаланушы ұсынатын әуе кемесінің белгіленген ұшуы немесе ұшуының бір бөлігі туралы белгілі бір мәліметтер;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 78) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
78) ұшу қауiпсiздiгi - адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру немесе мүлікке залал келтіру тәуекелі қолайлы деңгейге дейін төмендетілген және қауіптілік көздерін анықтаудың және тәуекел факторларын бақылаудың үздіксіз процесі арқылы осы не бұдан да төмен деңгейде тұратын жай-күй;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 78-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
78-1) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі - ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, міндеттерді, басшылық қағидаттары мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға арналған жүйелі тәсіл;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 78-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
78-2) ұшу сынақтары - әуе кемесінің, күш қондырғыларының, авиациялық және арнаулы жабдықтың, қару-жарақтар мен басқа да авиациялық техниканың, аэродинамика және әуе кемелерінің, сондай-ақ олардың жүйелерінің беріктігі саласындағы зерттеулердің сипаттамаларын айқындау үшін және (немесе) азаматтық авиациялық техниканың ұшуға жарамдылығы талаптарына сәйкестігін айқындау үшін орындалатын ұшу;
79) ұшу экипажының мүшесі - авиация персоналына жататын, авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар, ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға байланысты міндеттер жүктелген тұлға;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 79-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
79-1) ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушының сертификаты - ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушыға азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушыны сертификаттау, оған сертификат беру қағидаларына және оларға қойылатын сертификаттау талаптарына пайдаланушының сәйкестігін куәландыратын белгіленген үлгідегі құжат;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 79-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
79-2) ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшырылуы қашықтан басқарылатын азаматтық авиация жүйелерін пайдаланушыға берген белгіленген үлгідегі құжат, ол ұшырылуы қашықтан басқарылатын авиациялық жүйенің тұтастай жүйе ретінде өзінің тип конструкциясына сәйкес келетініне және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін күйде екеніне кепілдік беру мақсатында ұшуды орындауға жарамдылық мәртебесін растайтын ақпаратты қамтиды;
80) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
81) 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 81-1) тармақшамен толықтырылды
81-1) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) - әуе қатынасы қауіпсіздігін, сенімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті халықаралық нормаларды белгілейтін және азаматтық авиацияға байланысты барлық салада халықаралық ынтымақтастықты үйлестіруді жүзеге асыратын Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 81-2) тармақшамен толықтырылды
81-2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарты - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігін немесе тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 81-3) тармақшамен толықтырылды
81-3) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практикасы - Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) қабылдайтын, біркелкі қолданылуы халықаралық аэронавигацияның қауіпсіздігі, тұрақтылығы немесе тиімділігі мүдделерінде дұрыс болып танылатын физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, материалдық бөлікке, техникалық сипаттамаларға, персоналға немесе қағидаларға қойылатын талап;
82) халықаралық әуежай - кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндiк бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуемен тасымалдауды қамтамасыз ететін әуежай;
83) халықаралық әуемен тасымалдау - тасымалдауда немесе қайта тиеуде үзiлiстiң болуына немесе болмауына қарамастан, тасымалдауды орындау кезінде жөнелту және межелі пункттерi:
екi немесе одан да көп мемлекеттің аумағында;
егер екiншi мемлекет аумағында аялдау көзделсе, бір мемлекет аумағында орналасқан әуемен тасымалдау;
84) халықаралық қатынастағы авиарейстерді жүзеге асыруға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушының уақытша басқаруы - халықаралық қатынастағы авиарейстерді жүзеге асыруға рұқсат берілген әуежайды пайдаланушыға қатысты әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізу;
85) халықаралық ұшу - әуе кемесiнің шет мемлекет шекарасын кесiп өтетін ұшуы;
85-1) іздестіру-құтқару жұмыстары - апатқа ұшыраған әуе кемелерінің жолаушылары мен экипаждарын іздестіру және құтқару, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдарды іздестіру және оларға көмек көрсету мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;
86) экипаж мүшесі - авиация персоналына жататын, ұшу уақыты ішінде әуе кемесінің бортында белгілі бір міндеттерді орындау үшін тағайындалған тұлға;
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 87) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
87) экипаж мүшесінің куәлігі - экипаж мүшелеріне, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде азаматтық әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға берілетін, белгіленген үлгідегі құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне егемендігі
1. Қазақстан Республикасының құрлық және су аумағы үстінде және оның аумақтық сулары үстінде орналасқан әуе кеңістігіне толық және айрықша егемендік Қазақстан Республикасына тиесілі.
2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі оның мемлекеттік аумағының бір бөлігі болып табылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көздегендегіден өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты - азаматтар мен экономиканың әуе тасымалдарына, авиациялық жұмыстарға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушылардың оны қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету, адамдардың өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, мемлекет мүдделеріне қатер төндірмей ұшуды орындау;
2) әуе кеңістігін пайдалануға және ұшуды орындауға байланысты қызметті жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілеу;
3) Қазақстан Республикасы экономикасының және азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қорғау.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік;
3) авиациялық көрсетілетін қызметтерге және қызметке тең қолжетімділік;
4) әуе көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау;
5) азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік реттеудің тиімділігі.
4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға;
2) Қазақстан Республикасының шегінде мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға;
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) егер әуе кемесі баратын елдің заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік әуе кемелеріне;
2026.24.06. № 324-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4) егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық міндеттемелерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде болған уақытта Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелеріне қолданылады.
5-бап. Авиация құралдарына меншік құқығы
Әуе кемелері, әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары, әуежайлар, техникалық құралдар және әуе кемелерінің ұшуын ұйымдастыру, орындау, қызмет көрсету және қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мүлік мемлекеттік және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.
1. Қазақстан Республикасының авиациясы мемлекеттік, азаматтық және эксперименттiк болып бөлiнедi.
2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінiң шешiмi бойынша басқа да мемлекеттік органдардың қарамағында болатын және қорғаныс, мемлекеттің қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ әуежай қызметінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну мақсатында пайдаланылатын авиация мемлекеттік авиация болып табылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Азаматтық авиация деп эксперименттiк және мемлекеттік авиацияның құрамына кiрмейтiн және:
1) жолаушыларды, багажды, жүкті және почта жөнелтілімдерін тасымалдау (әуемен тасымалдау);
2) авиациялық жұмыстарды орындау;
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) оқу, спорттық, мәдени-ағарту iс-шараларын, көрсету және оқу-жаттығу мақсатындағы ұшуды жүргiзу, техникалық шығармашылықты дамыту;
4) әуе кемесiн пайдаланушының жеке қажеттіліктерiн қанағаттандыру;
5) iздестiру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу, дүлей зілзалалар болған жағдайда көмек көрсету;
6) аэронавигациялық қызмет көрсету;
7) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу;
8) әуежай қызметін және (немесе) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қызметін көрсетуді жүзеге асыру;
9) әуеайлақтарды және азаматтық авиация объектілерін жоспарлау мақсаттарында пайдаланылатын авиация танылады.
Осы тармақтың 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда ақысы төленіп немесе жалдау бойынша пайдаланылатын азаматтық авиация коммерциялық авиация болып танылады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың меншiгiндегі және осы тармақтың 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетiлген мақсаттарда ақысы төленбей және жалдаусыз пайдаланылатын, сондай-ақ осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын азаматтық авиация жалпы мақсаттағы авиация болып танылады.
Сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы бес мың жеті жүз килограмнан кем болатын әуе кемелерін, оның ішінде сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы үш мың бір жүз жетпіс бес килограмнан кем болатын тікұшақтарды пайдаланатын азаматтық авиация жеңіл авиация болып танылады.
Сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы жеті жүз елу килограмнан кем болатын әуе кемелерін, басқа да ұшу аппараттары мен қосымша құрылғыларды пайдаланатын азаматтық авиация аса жеңіл авиация болып танылады.
Қазіргі заманғы жоғары деңгейде автоматтандырылған, пилот басқаратын және пилотсыз әуе кемелерін пайдаланатын, озық әуе мобильділігі шеңберінде ұшуды орындайтын, жаңа инфрақұрылымды және әуе қозғалысына қызмет көрсету тәсілдерін талап ететін азаматтық авиация озық әуе мобильділігі авиациясы деп танылады.
2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Эксперименттiк авиация деп авиациялық және басқа да техника саласында авиациялық техниканы әзірлеу және дайындау мақсатында тәжiрибелiк-конструкторлық, эксперименттiк, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сынақтарын жүргiзуге арналған авиация танылады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын қолдану
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы не оларда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) нақты стандарттары мен ұсынылатын практикасын қолдану бойынша сілтемелер көрсетіле отырып жүзеге асырылады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Егемендігі айқындалмаған, Қазақстан Республикасы әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапты болатын әуе кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіпке сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасы қолданылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидалары қолданылады.
Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларында қамтылған жекелеген талаптар Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілуі мүмкін.
Типін шет мемлекеттің авиация биліктері сертификаттаған азаматтық авиацияның әуе кемесін пайдаланушы азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық қағидаларын ағылшын тілінде қолдануға құқылы.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттары Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес реттелуі жүзеге асырылатын стандарттау жөніндегі құжаттарға жатпайды.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту
1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту:
1) стратегиялық және ұзақ мерзімді міндеттердің операциялық және қысқа мерзімді міндеттерден басым болу қағидатына;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында адами капиталды есепке алу, зерттеу, дамыту және сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы жүйелі тәуекелдерді анықтау, талдау және барынша азайту жөнінде шаралар қолдану процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге негізделеді.
2. Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамыту жөніндегі шараларды әзірлеуді және іске асыруды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қамтамасыз етеді.