«Деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығы

(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024.26.07. № 22 бұйрығымен (2024 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысының 2026.08.07. № 17 бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.