«2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы»
2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/6 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі 22/276-ІV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2534 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-127 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 және 23 қаңтардағы «Дидар» газетінде, 2010 жылғы 22 және 25 қаңтардағы «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2010 жылға арналған келесі мөлшерлерде бекітілсін:
1) кірістер - 17 148 527 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 610 714 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 41 602 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 685 684 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 8 810 527 мың теңге;
2) шығындар - 19 598 124,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 134 418 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 143 460 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 9 042 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 584 015,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 584 015,7 мың теңге.»;