«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 757 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 757 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 329-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

тақырып «ережесін» деген сөзден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін» деген сөздермен толықтырылсын;

кіріспеде «конкурс» деген сөзден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесінде:

«Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:

1-тармақта «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс» деген сөздерден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) мынадай номинациялар бойынша сыйлық алуға үміттенуі мүмкін:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.