Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысы
(ҚР Президентінің 05.07.04 ж. № 1399; 2005.21.04. № 1558 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2010 жылғы 2 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң орнауы құрметiне қаулы етемiн:
ҚР Президентінің 05.07.04 ж. № 1399; 2005.21.04. № 1558 Жарлықтарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы тағайындалсын.
Осы аталған стипендия Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң неғұрлым дарынды - 8 аспирантына, жоғары оқу орындарының 1080 студентiне берiлетiн болсын.