Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 743 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі:» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі:» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.