«Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі
ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі
№ 161 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2010 жылғы 9 шілдедегі № 365 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 бұйрығымен күші жойылды
Жоғары оқу орындарында оқу үшін анағұрлым даярланған және дарынды үміткерлерді қабылдау рәсімін жетілдіру және іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оку бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 23 мамырдағы № 77 (1477) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбында «жоғарғы» деген сөз «жоғары» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесінде:
тақырыпта «қабылдаудың» деген сөздің алдынан «оқуға» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Test of English as a Foreign Language (TOEFL, шекті балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francaise (DELF, шекті балл - В 2), Diplome Approfonde de Langue arancaise (DALF, шекті балл - С 1) Test de connaisances de francaise (TCF, шекті балл - кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғандығы туралы расталған сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және PhD докторантураға түсу кезінде шет тілінен түсу емтихандарынан босатылады.»;