Өлшемдерді орындау әдістемесі
Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі
ҚР СТ 2.18-2009
№ 3 өзгеріс Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен 2017 жылғы 1 маусымда бекітіліп қолданысқа енгізілді
Мазмұны
3 Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар
6. ӨОӘ метрологиялық аттестаттауды жүргізу тәртібі
7 ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ тіркеу тәртібі
Б қосымшасы (міндетті).ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің нысаны
Осы стандарт өлшемдерді орындау әдістемесін (бұдан әрі - ӨОӘ), соның ішінде сандық химиялық талдау әдістемелерін (бұдан әрі - СХТӘ) әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібін белгілейді.
Осы стандарттың талаптары мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқарма органдары, ӨОӘ әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану саласында өз қызметін іске асыратын жеке және заңды тұлғалармен қолдану үшін арналған.
Осы стандартты пайдалану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
ҚР СТ 1.2-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Мемлекеттік стандарттар мен ұйым стандарттарын әзірлеу тәртібі
ҚР СТ 1.5-2008 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттардың құрылуына, жазылуына, рәсімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.
ҚР СТ 2.1-2009 Қазақстан Республикасы мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ 2.10-2009 Қазақстан Республикасы мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Аттестатталған қоспалар. Әзірлеу, аттестаттау және қолдану тәртібі.