Шама бірліктерінің эталондары
Негізгі ережелер, құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібі
ҚР СТ 2.3-2009
Мазмұны
7 Мемлекеттік эталондарды бекіту тәртібі
8 Заңды тұлғалардың бастапқы эталондарын бекіту тәртібі
9 Эталондарды қолдану және сақтау тәртібі
А қосымшасыь (ақпараттық). Мемлекеттік эталондарды сақтаушы ғалымдар туралы ереже
Б қосымшасы (міндетті). Мемлекеттік эталонды құруға арналған техникалық тапсырманың нысаны
В қосымшасы (міндетті).Қазақстан Республикасының уәкілетті органына баяндаманың нысаны
Г қосымшасы (міндетті).Эталонды сақтау және қолдану тәртібінің нысаны
Е қосымшасы (міндетті). Мемлекеттік эталон төлқұжатының нысаны
Осы стандарт [1] сәйкес шама бірліктерінің эталондарын (бұдан әрі -эталондар) жіктеу, құру, бекіту, сақтау және қолдану тәртібін белгілейді.
Осы стандарттың ережелері мемлекеттік метрологиялық қызметпен, мемлекеттік басқару органдарының, өз қызметін эталондарды құру, бекіту, сақгау және қолдану салысында жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы үшін арналған.
Осы стандартты пайдалану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
ҚР СТ 2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ 2.4-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
ҚР СТ 2.12-2006 Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
КР СТ 2.21-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі.