(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2009.24...

2010-2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 211 шешімі

(2010.16.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына және «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 232 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010.17.02. № 235 шешімімен (бұр.ред.қара); 2010.16.04. № 246 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. 2010 - 2012 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, тиісінше, соның ішінде 2010 жылға келесі көлемде бекітілсін:

1) кірістер - 22 593 118 мың теңге,

оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 10 126 869 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 675 870 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан

түсетін түсімдер бойынша - 1 715 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша - 10 075 379 мың теңге;

2) шығындар - 21 564 135 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру - 0 теңге,

оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 180 000 мың теңге,

оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 180 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін

сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет профициті - 848 983 мың теңге;

6) бюджет профицитін пайдалану - - 848 983 мың теңге.

2. Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 52 бабына сәйкес, 1 тармағының 1, 2 тармақшаларда қаралғандарды қоспағанда, түсімдер Ақтөбе қаласының бюджеті кірісіне толық есептелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.