2010 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусымда)

2010 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру
шеңберінде халықаралық шарттарды қолдану туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
Хаттама
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 18 маусымда)

 

ҚР 2010 жылғы 30 маусымдағы № 316-ІV Заңымен ратификацияланды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, 2010 жылғы 28 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Кеден одағын қалыптастыру шеңберінде халықаралық шартгарды қолдану туралы шартқа (бұдан әрі - Шарт) өзгерістер енгізу ниетімен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде кеден одағын қалыптастыру және кеден одагының бірыңғай кедендік аумағында кедендік реттеуді камтамасыз ету жөніндегі өзара тиімді ынтымақтастыкты жалғастыру мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Шарттың 2-бабының 2-тармағы мынадай мазмұндағы ережелермен толықтырылсын:

2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері туралы келісім;

2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.