(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.30.12 № 2271 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2271 Қаулысы

(2010.12.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 26 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын (бұдан әрі - Конституцияның 15 жылдығы) мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы;

2) Конституцияның 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары)бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2010.12.04. № 295 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды іске асыру жөніндегі шаралар қабылдасын және 2010 жылғы 10 шілдеге және 10 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

ҚР Үкіметінің 2010.12.04. № 295 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 2010 жылғы 20 шілдеге және 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Ғ.P.Әбдірахымовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2010.15.01. № 10 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.04. № 295 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 2271 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.