«Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 Нормативтік қаулысы

«Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 Нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

 

қаулы етеді:

 

1. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде азаматтық талап қылмыстық қудалау органына қылмыстың жасалуы туралы арызбен қоса, сондай-ақ қылмыстық процестің келесі сатыларында да, бірақ сот тергеуі басталғанға дейін берілуі мүмкін. Егер азаматтық талап берілмесе, онда сот ҚІЖК-нің 371-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағына сәйкес, қылмыс нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянның өтелуге жататынын/жатпайтынын үкім шығарған кезде талқылауға міндетті. Аталған мәселе оң шешімін тапқан кезде сот ҚІЖК-нің 169-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер ол азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде берілсе, талап арызды қанағаттандыруға жәбірленушінің құқығын таниды.»;

2) 27-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.