«Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 18 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. «Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтағы «396-бабының 2-бөлігінде» деген сөздер «396-бабының 1-бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 4-тармақтың үшінші абзацындағы «соттың құрамы» деген сөздер «судья» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Апелляциялық сатыдағы отырысқа сотталғанның/ақталғанның қатысуы ҚІЖК-нің 408-бабының 3-бөлігіне сәйкес қамтамасыз етіледі, қорғаушының қатысуы ҚІЖК-нің 71-бабында көрсетілген жағдайларда және ҚІЖК-нің 408-бабының 4-бөлігінде көзделген тәртіпте қамтамасыз етіледі.»;
4) 7-тармақтың екінші абзацында «408-бабының 2-бөлігінде» деген сөздер «408-бабының 2-3-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын, «және 410-бабының 2-бөлігінде» деген сөздер алып тасталсын;
5) 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚІЖК-нің 58-бабының екінші бөлігіне сәйкес, қылмыстық істерді апелляциялық тәртіпте қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.»;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: