(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ 19.12.03 Ж. № 12 НОРМАТИВТІК ...

Қылмыстық істерді апелляциялық тәртіппен қарау тәжірибесі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қылмыстық істерді апелляциялық сатыда қарау туралы өзгерістердің заңға енгізілуіне байланысты және апелляциялық (жеке) шағымдар мен наразылықтар бойынша қылмыстық істерді қарау кезінде қылмыстық-іс жүргізу заңнамасын біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1. Апелляциялық өндіріс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК) 31-бабында бекітілген іс жүргізу әрекеттері және шешімдеріне еркін шағымдану жөніндегі құқықтарды іске асырудың процессуалдық формаларының бірі болып табылады және ҚІЖК-нің 396-бабының 2-бөлігінде, 403-бабының 5-бөлігінде көрсетілген тұлғалардың шағымдары және прокурордың наразылығы бойынша қозғалатынына соттардың назары аударылсын.

Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттар шағымды, наразылықты қабылдау кезінде шағым берген, наразылық білдірген тұлғаның өкілеттігін тексерулері қажет. Заңның нормаларында көрсетілген тұлғалар тізбесі кеңейтілуге тиіс емес.

Процеске қатысушылар үкім шығарылғаннан кейін қайтыс болған сотталған адам жөнінде оны ақтау үшін қажетті негіздер бойынша ғана шағым беріп, наразылық білдіре алады.

2. Әрбір шағым, наразылық сотқа түсісімен түскен күні көрсетіліп, дереу тіркелуі қажет. ҚІЖК-нің 399-бабында көрсетілген мерзім өткізіліп барып берілген шағым, наразылық қаралмайды. Бұл жөнінде бірінші сатыдағы сот қаулы шығарып, оны шағым берудің, наразылық білдірудің тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып шағымның, наразылықтың иесіне жібереді.

Егер апелляциялық шағым беруге, наразылық білдіруге құқылы тұлға өткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берсе, онда мұндай өтініш ҚІЖК-нің 400-бабында көзделген тәртіппен міндетті түрде қарауға жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.