«Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге) өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 7 Нормативтік қаулысы

«Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге) өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 7 Нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

 

қаулы етеді:

 

1. «Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 8 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 15 тамыздағы № 18 және 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 10 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) 2-тармақтың екінші сөйлеміндегі «Психатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңы» деген сөздер «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексі» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 7-тармақтағы екінші сөйлем алып тасталсын;

3) 8-тармақта «арнаулы медициналық мекемеге» деген сөздер «психиатриялық көмек көрсететін ұйымға немесе мамандандырылған медициналық ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.