«Соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 12 Нормативтік қаулысы
ҚР Жоғарғы Сотының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4 Нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. «Соттардың қылмыстық істерді қосымша тергеу жүргізу үшін қайтаруы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 19 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бірінші абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Істі қосымша тергеу үшін жіберу туралы шешім істі алдын ала тыңдау барысында, сондай-ақ басты сот талқылауы барысында да қабылдануы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«ҚІЖК-нің 303-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша сот алдын ала тыңдау барысында қараған және негізді деп таныған тараптардың өтініштері бойынша ғана істі қосымша тергеу үшін жіберуге құқылы.
Сот тергеуін ҚІЖК-нің 363-бабына сәйкес қысқартылған тәртіпте жүргізген кезде сотталушының өз кінәсін мойындамауы істі қосымша тергеуге жіберу үшін негіз болып табылмайды. Осындай жағдайларда сот тергеуін әдеттегі тәртіпте жүргізу туралы қаулы шығарып, барлық іс материалдарын толық көлемде зерттейді.»;
үшінші абзац «айыптау қорытындысымен» деген сөздерден кейін «, сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасымен» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзац «бүркеншік атпен» деген сөздерден кейін «және белгiлi тұрғылықты жерi жоқ адамдар» деген сөздермен толықтырылсын;