«2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 175/12 қаулысы (күші жойылды)

2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 175/12 қаулысы

 

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 8/1-11/2579 Хатымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру кәсіпорындарында, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

2. 2-қосымшаға сәйкес Жол картасы шеңберінде макроаймақтарды дамытудың индустриалды-инновациялық жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік білім беру кәсіпорындарында, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

3. Павлодар облысының білім беру басқармасы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын заңнамамен белгіленген тәртіпте тиісті оқу орындарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.

 

 

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2010 жылғы 28 шілдедегі

№ 175/12 қаулысына

1-қосымша

 

Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарында, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарында техникалық

және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2010 - 2011 оқу жылына

арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.