Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға
арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2335 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2335 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары
1. Миссиясы және пайымдауы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) миссиясы - бұл экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау мен басқару жүйесін дамыту.
Пайымдауы — Қазақстан Республикасының әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына енуіне ықпал ететін тиімді мемлекеттік басқару жүйесі бар экономиканың сапалы, теңгерімді өсуі.
2.1. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту
Дағдарыстың шығындары мен қауіп-қатерлерін талдай отырып, өткен кезеңде:
Ұлттық қорды қалыптастыру арқылы «голланд ауруын» болдырмауды күшейту экономикаға сыртқы банктік қарыз алу есебінен кредит ағыны және экономиканың «қызып кетуінің» басқа көзін қалыптастыру себебінен жоққа шығару;