«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 106 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 106 қаулысы

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;

2) полистік жыл - сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі басталған күн мен қолданылу мерзімі аяқталған күн арасындағы кезең;

3) реттеуге арналған шығыстар - сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты бағалаушылар қызметі мен заң қызметін сатып алу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша шығыстарының сомасы;

4) таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.