«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 «Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 Бұйрығы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429
«Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 170 Бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 19 қарашадағы № 385-НҚ бұйрығымен күші жойылды

 

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 429 «Өтініш-декларациясын тіркеу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5359 тіркелген, 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 184 (1410) «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес»;

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өтініш-декларациясын тіркеу ережесінде:

6-тармақ келесі мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

«Сәйкестікті растау жөніндегі органына өтініш берушімен ұсынылатын құжаттар, мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылады, егер ұсынылған құжаттар шет тілінде құрылған болса, оған мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармасы қосымша ұсынылады.»;

7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«7. Өтініш-декларациясы сәйкестікті растау жөніндегі органымен көрсетілген бұйрықпен нысан бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес ресімделеді»;

осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комиеті Төрағасының 2005 жылғы 27 маусымдағы № 174 «Өтініш-декларациясының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3742 тіркелген, 2005 жылғы 3 қарашадағы № 139 «Заң газеті» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.