(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 30.12.2008 № 637 БҰЙРЫҒЫ

Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 Бұйрығы

(2009.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2009.29.12. № 584 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрықтың № 1 қосымшасына сәйкес салық органы есептеген салықтардың сомасы туралы хабарлама;

2) осы бұйрықтың № 2 қосымшасына сәйкес салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама;

3) осы бұйрықтың № 3 қосымшасына сәйкес тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы хабарлама;

4) осы бұйрықтың № 4 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы хабарлама;

5) осы бұйрықтың № 5 қосымшасына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама;

6) осы бұйрықтың № 6 қосымшасына сәйкес дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама;

7) осы бұйрықтың № 7 қосымшасына сәйкес камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

8) осы бұйрықтың № 8 қосымшасына сәйкес салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы хабарлама;

9) осы бұйрықтың № 9 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.