Трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 23 тамыздағы № 118-ө Өкімі
Трансферттік баға белгілеу туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, жетекші |
Дәленов Руслан Ерболатұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, жетекшінің орынбасары |
Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы
| - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының орынбасары, хатшы |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы
| - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы |
Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы
| - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы
| - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Мағауов Әсет Маратұлы
| - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі |
Ерғожин Дәулет Еділұлы
| - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы |