«Кредиттік оқыту Технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 404 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 Бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5043 тіркелген және «Заң газетінің» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1238) санында жарияланған)) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережесінде:
3) тармақшада «қорытынды аттестаттаудың» деген сөздер «аралық аттестаттау» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшада «тиісті білім деңгейіндегі» деген сөздер алынып тасталсын;
9) тармақшада «аралық аттестаттауды өткізудің нысандары білім алушылардың білімін модульді-рейтингтік тексеру және емтихан болып табылады: жазбаша, тестілеу, ауызша, біріктірілген» деген сөздер алынып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (ол ағымдық, рубеждік және қорытынды) - жоғары оқу орны өзі айқындайтын бақылаудың әртүрлі нысанымен және аттестаттаумен білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау - академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;»;
мынадай мазмұндағы 27) - 29) тармақшамен толықтырылсын: