Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайларды және
өнеркәсіптік қауіпсіздікті
мемлекеттік бақылау комитетінің
2008 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 39 бұйрығымен
келісілген
Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде тау жыныстарының
және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқау
2-бөлім. Жер бетінің жылжуын бақылау
3-бөлім. Тау жыныстары массивінің жылжуын бақылау
4-бөлім. Кеуленетін ғимараттарды, кен қазбаларын және басқа объектілерді бақылау
2-қосымша Бақылау станцияларына арналған қада белгілерді орнатудың типтері мен тәсілдері
3-қосымша Беттің және тау жыныстарының жылжуын бақылауға арналған приборлар мен құрылғылар
4-қосымша Тау жыныстарының жарықшақтығын зерттеу бойынша жалпы нұсқаулар
5-қосымша Тау жыныстарының беріктік қасиеттерін анықтауға жалпы нұсқаулар
6-қосымша Бақылау станциясының қада белгілерін тригонометриялық нивелирлеу
7-қосымша Терең қада белгі станцияларында тау жыныстарының қабаттарының жылжуын бақылау әдістемесі
8-қосымша Табиғи бақылау журналы және нәтижелерді өңдеу ведомостерінің үлгілері
9-қосымша Көзбен бақылауды өткізу әдістемесі, өңдеу және қолдану
1. Нұсқауда тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын және деформациялануын, сондай-ақ рудалы кен орындарын жер асты қазу кезінде қорғауға тиісті объектілерді бақылауды жүргізу бойынша нормативтік-әдістемелік нұсқаулар бар. Бақылаулардың негізгі міндеті мыналарды анықтау болып табылады:
жылжу процесінің даму сипатын, кен орнын жер асты қазудың әсерінен тау жыныстарының, жер бетінің және кеуленетін объектілердің қатқабатының жылжулары мен деформацияларының шамасын;