Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 837 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына
толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат; № 38, 430-құжат; 2008 ж., № 24, 226-құжат; № 42, 465-құжат; 2009 ж., № 10, 49-құжат; № 27-28, 234-құжат; № 29, 249-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде: