«Туристік индустрияның неғұрлым перспективалық бағыттары бойынша 2010 - 2014 жылдарға арналған мастер-жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 01-01-07/120 бұйрығы

Туристік индустрияның неғұрлым перспективалық бағыттары бойынша
2010 - 2014 жылдарға арналған мастер-жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 01-01-07/120 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Туристік индустрияның неғұрлым перспективалық бағыттары бойынша 2010 - 2014 жылдарға арналған мастер-жоспар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризмді, спортты дамыту және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Д. Қамзебаева) Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламадағы «Туристік сала» бөлімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалық бағыттарын дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірлесін.

3. Орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Өскенбаев Қ.А жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Туризм және спорт министрінің міндетін

атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы

№ 01-01-07/120 бұйрығымен

бекітілген

 

 

2010-2014 жылдарға арналған туристік индустрияның

маңызды болашақ бағыттарының

Іс - жоспары

 

2009 жыл

 

Мазмұны

 

1. Кіріспе.

2. Бөлім 1. Қазақстанда туризмді дамытудың сараптамасы.

2.1. Туризм индустриясының сызбасын дамыту үшін Қазақстанның потенциалы бар өңірлеріндегі туризмді дамыту сараптамасы.

2.2. Дамыған мемлекеттердің туризмді дамытудағы халықаралық тәжірибесі.

2.3. Қазақстандағы туризмді дамыту сызбасының мүмкіндіктері мен артықшылықтары.

3. Бөлім 2. Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың жалпы кепілдемесі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.