«Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің міндетін атқарушының 2010 жылғы 4 тамыздағы № 597 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрдің

міндетін атқарушының

2010 жылғы 4 тамыздағы

№ 597 бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (бұдан әрі - санитариялық ереже) санитарлық-эпидемиологиялық ереже меншік түріне қарамастан сыра және алкогольсіз сусындарды өндіріп және сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.

2. Осы санитариялық ереженің талаптарын орындауды және ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын ұйымның басшылары мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

3. Осы санитариялық ережеде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1) полиэтилентерефталаттан жасалған бөтелкелер (бұдан әрі ПЭТФ) - құрамында алкоголі жоқ сусындарды құю үшін керекті бөтелкелерді өндіретін преформа (дайындама);

2) жарма - ұсатылған арпа дәні;

3) кегтер - ішіне ауа өтпейтіндей етіліп металдан жасалған цилиндр тәрізді сыйымдылықтар;

4) купаждау орны - арнайы құрамдағы, түрдегі өнімді алу және өнімнің сапасын жақсарту үшін әртүрлі тағам өнімдерін белгілі бір қатынаста араластыруға арналған сыйымдылық;

4-1) шағын өндіріс объектісі - қуаттылығы тәулігіне 10000 литрден аспайтын сыра және алкогольсіз сусындарды өндіретін объект;

5) шайырлау - сыйымдылықтардан сұйық ақпауы үшін арнайы заттармен өңдеу;

6) «жылжымалы қатар» - арпа дәнін өсіруге арналған арнайы құрал-жабдық;

7) тағамдық қоспалар - тағамдарды дайындау және өндіру үдерісі барысында белгілі бір қасиет беру немесе оның сапасын сақтау үшін тағам өнімдеріне қосатын табиғи және жасанды заттар немесе оның қосындылары;

8) уыт - дақылдардың дәнін өсіру арқылы алатын өнім;

9) сатуратор -сұйықты көмір қышқыл газымен байытуға арналған аппарат;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.