«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 432 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген), мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың 1 -қосымшасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар» кіші сыныбында:
1 «Қосылған құн салығы» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 11, 12 ерекшеліктермен толықтырылсын:
«11 Бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргізу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушілердің (қайтару) аударатын сомалары
12 Салықтық тексеру кезінде расталмаған, бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетін (қайтару) аударатын өсімпұл сомалары»;
5 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» санатында:
01 «Бюджеттік кредиттерді өтеу» сыныбында:
мынадай мазмұндағы 2 «Пайдаланылмаған бюджеттік кредиттердің сомаларын қайтару» кіші сыныбымен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 01, 02 ерекшеліктермен толықтырылсын:
«01 Республикалық бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару