«Азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық базаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 586 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрінің м.а.

2010 жылғы 3 тамыздағы

№ 586 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық базаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
 
1. Жалпы ереже

 

1. Санитариялық ереже «Азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық базаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» авиационно-техникалық базалардың аумағына, сумен жабдықталуына, кәріздеуге, жылытуға, желдетуге, жарықтандыруға, бөлмелерін жабдықтауға және жұмысшылардың жұмыс орнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, жобаланатын, салынатын, реконструкцияланатын және пайдаланылатын азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық базаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Осы санитариялық ережелерде мынадай анықтамалар пайдаланылған:

1) авиациялық-техникалық базалар - техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, әуе кемелерінің құрылымдарын жетілдіру, технологиялық жабдықты және құралдарды жөндеу, ұшу ақпаратын жинау және мағынасын ашу бойынша жұмыстар кешенін орындауға арналған ұйымдар;

2) сіңіру сүзгілері - газды немесе сұйықтық ортаның заттарын сіңіруге қабілетті материалдардан дайындалған сүзгілер;

3) ангар - ұшақтар мен тік ұшақтарды сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыстар;

4) жетілдіру жұмыстары - техникалық жағдайларға сәйкес қандай-да бір агрегатты, бұйымды жұмыс жағдайына келтіру бойынша қорытынды жұмыс;

5) герметикалар - болт, шеге және басқа да қосылыстарға, олардың су өткізбеуін қамтамасыз ету мақсатында түсірілетін полимерлер негізіндегі композициялар;

6) бөлшектерді жаңғақ-құм қосылған су ағынымен тазалау - бөлшектерді лакты бояу жабынынан, тоттан құм және жаңғақ қабығын қолдана отырып тазалау;

7) трассировка - электр сымдарының монтаждау сызбасы.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.